«Мен бақыттың гүлімін» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 7 қазан күніС.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Мен бақыттың гүлімін» атты жас ақын Бақытгүл Бабашпен кездесу кеші өткізілді.

Шараның мақсаты: Жастарға қазақ поэзиясын насихаттау. Жас ақын Бақытгүл Бабаштың шығармашылығымен мен өмір жолын таныстыра отырып, өлеңдерін көпшілік оқырманның жүрегіне жеткізу.

 

Шара қонақтары: Атыраулық жас ақын - Бақытгүл Бабаш; Ақын- Кереева Индира; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Н.Қалдина, «Ақ қауырсын» клубының мүшелері қатысты.

Ақын, Бақытгүл Бабаш 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран при иегері. «Алтын Қалам» , «Үркер»-үміт» әдеби байқауларының жүлдегерлері.

Шара барысында Ақын Бақытгүл Бабаш қаламынан туындаған жырларын оқыды. Индира Кереева және тағыда басқа жас ақындар жүрек жарды лебіздерін арнады. №39 мектептің оқушылары Қаражанов Нұртілеу, Шандыбаева Нұрайна ақынның «Ай да болғым келмейді, аспаны бар...», «Кешкі қала» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Кешке қатысқан мектеп оқушылары ақынның өмірі шығармашылығы жайында көптеген сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды. Шара соңында кітапхана директоры Г.Н.Қалдина, ақын Бақтыгүл Бабашқа алғысын айтып, гүл ұсынды. Кеш соңында естелікке суретке түсті.

Ақынмен өткен кездесу кеші мағыналы өтіп, жастар үлкен көңіл күймен тарқасты.

Обновлено 13.10.2016 07:29