«Жан еді өмір сүрген өлеңменен» атты әдеби кеш

E-mail Печать PDF

27 қыркүйек күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы облыстық жастар ресурстар орталығымен бірлесе облыстық «Оқитын өлке» акциясы аясында Е.Дүйсенбайдың шығармашылығына арналған «Жан еді өмір сүрген өлеңменен» атты әдеби кеш ұйымдастырды.

Кештің мақсаты: жастарға патриоттық және эстетикалық тәрбие беру, қазақ әдебиетін соның ішінде поэзияға деген жастардың сүйіспеншіліктерін арттыру, ақын Есенбай Дүйсенбайдыңөлеңдерін насихаттау.

«Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында биыл жергілікті ақын Есенбай Дүйсенбайдың «Ұланғайыр» шығармасы оқуға таңдалды. Есенбай Дүйсенбайұлы 1940 жылы 16 мамырда Байғанин ауданының Қалдайбек ауылында дүниеге келген. Көрнекті қазақ ақыны Есенбай Дүйсенбай поэзияны қадірлейтін оқырмандардың сүйікті ақынына айналып, ондаған өлең жинақтарын берді.

Кеш қонақтары облыстық жастар ресурстар орталығының мамандары, колледж, меткеп оқытушылары және кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдина, поэзия әлемінде өз ойын өрнектеп мазмұнды да мағыналы өлеңдерімен жүрекке жеткізе білген Есенбай ақын туралы сөз сөйлеп жастармен ой бөлісіп отырды.

Шараға орай «Бозала таңның бозторғайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкері Құрымбаева Лариса ұйымдастырылған көрмеге библиографиялық шолу жасап, ақынның өмірімен шығармашылығын айтып, «Ұланғайыр» шығармасына толығырақ тоқталды. №47 мектеп оқушылары Әбенова Альбина, Рысқалиева Ақтолқын, Көшкімбай Айболат ақын Е.Дүйсенбайдың «Қалқа бала», «Опыну»,«Бозала таңмен бозторғай» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.