«Тәрбие бастауы-отбасында» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 8 қыркүйек күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Отбасы күніне арнап «Тәрбие бастауы-отбасында» атты кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын, отбасылық тәрбиенің маңыздылығын насихаттау, ата-ана мен бала арасында ізгі қарым-қатынастың орнауына ықпал ету.

Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.

 

Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Бүгінгі шараға Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы Маханова Гүлжан Мейрханқызы,

Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың актрисасы Шалқия Ауғанбайқызы Бақытжанова; Ардагер ұстаз, зейнеткер Әбілқайыр Жәметұлы Жәметов, Нағима Әбішқызы Табылова; Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филлармония әншісі Нұржан, Гүлжан Қаражановтар. Қонақтар шара барысында отбасы –отанымыздың бір бөлшегі және қасиетті құндылық екендігін жастарға ұғындырып оларды өнегелі, тәрбиелі, өз елінің патриоты болуға шақырды. Қатысушы жастар отбасы жөнінде көптеген сұрақтар қойып жауап алды. Шараға №34 мектептің оқушылары, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледж студенттері қатысты.

«Берік отбасы қоғамның тірегі» тақырыбында апталық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені зиялы қауым өкілдер, кітапхана оқырмандары, қонақтар тамашалады. Көрмеге«Жұлдыздар отбасы», «Отбасы және балабақша», «Отбасы және денсаулық», «Дәстүр» журналдары мерзімді басылымдар материалдары ұсынылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Кітапхана қызметкерлері отбасы жайында көріністер қойды. Келген қонақтарға сыйлықтар табысталы.Бүгінгі шара әсерлі өтті.

Обновлено 08.09.2016 10:47