«Конституция ұлы дала елінің құндылығы» атты дөңгелек үстел

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 29 тамыз күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасындаҚазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Конституция ұлы дала елінің құндылығы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: жастарға ҚР Конституциясы төңірегінде ақпарат беру, ой-пікірлерін білу, азаматтық, құқықтық сауаттылығын арттыруға көмектесу, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Шара қонақтары: Ақтөбе облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті- Дюсенова Айгүл Егізбайқызы; Жанғабыл Қабақбаев, облыстық тілдерді дамыту басқармасы төрағасының орынбасары;«Парасат- ғылым» қоғамдық бірлесітігінің «азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы; Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің заңгері –Ізімбетова Райса Амрадинқызы; Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің интеллектуалдық меншік құқықтары бөлімінің бас маманы - Жумин Жақсылық; ҚР ауған ардагерлері одағының Ақтөбе филиалының төрағасы- Галеев Гумер Абдувалиевич; «Рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы –Қажығалиев Жаңабай Қажығалиұлы және С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры -Қалдина Гүлжайнар Наренқызы қатысты.

Шара барысында кітапханашы Қайнақаева Азатгүл оқырмандарды мемлекетіміздің құқық және Конституциялық нормаларымен таныстырды. Сонымен қатар, шара барысында сөз сөйлеген қонақтар Ата заңымызда көрсетілгендей әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар екендігін айта кетті. Пікір – талас барысында қазақ тілінің дамуы, мектептерде Ата заңымыз туралы берілетін білім, және жер мәселесіде қозғалып әр қатысушы өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, адам дүниеге келген күннен бастап мемлекет қамқорлығында екендіктерін және Ата заңымызда берілген барлық құқықтарды пайдаланып, еліміздің ертеңгі болашағын ойлайтын азамат болып өсуіне толық құқылы екендігін түсіндірді. Шара барысында көптеген құқық жөнінде көптеген сұрақтар қойып тұшымды жауап алды. Кітапхана директоры Қалдина Гүлжайнар келген қонақтарға алғысын айтып, алдағы уақыттада бірлесе жұмыстар атқарамыз деп ниет білдірді.

Шара соңында кітапхана қорында жинақталған кітаптармен газет-журналдардан ұйымдастырылған «Конституция – мәңгілік елдің берік тұғыры» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.