«Ән мен жырдың шамшырақтары» кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 28 тамыз күні кеші сағат 19.00 де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов сынды қазақ композиторларының  шығармалары орындалып, «Ән-ғұмыр» атты республикалық ретро-фестиваль өткізілді.

Аталмыш шараға орай С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ән мен жырдың шамшырақтары» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды. Көрмеге қазақтың ұлы сазгерлері Н.Тілендиевтың, Шәмші Қалдаяқовтың, Әсет Бейсеуовтың кітаптары қойылды. Көрмеге қойылған кітаптарда енгізілген әндер өңіріміздің және басқада облыстардан келген әншілердің орындалуында сахнада шырқалды. Кітапхана қызметкерлері орындалған әндерге флешмоб биледі. «Ел зиялыларының ыстық лебіздері» атты қанатты сөздер ілінді. Сонымен қатар, елімізді республикаға танытқан өңірімізден шыққан өнер иелері туралы жазылған мерзімді басылымдардан, фото шежірелерден «Арайлы Ақтөбенің мақтаныштары» атты көрме жасақталды.

Осы күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ілияс Испанов және тағыда басқа өңіріміздің басшылары көрмемен танысып, осындай игілікті шаралар жалғасын таба берсін деген ниет білдірді. Сонымен бірге Ақтөбеліктер мен қала қонақтары, Ақтөбелік өнерпаздармен бірге  Астана, Алматы, Атырау, Орал, Қызылорда қаласынан келген өнер иелері кітап көрмесіне назар аударып қазақ музыкасының алтын қорына әсем әуендерін қалдырып кеткен тұлғалардың кітаптарына қызығушылық танытып жатты. Кітапхана қызметкерлері көрме жанында тұрып қала тұрғындарына таныстырып тұрды.