Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2016 жылдың 20 тамыз күні сағат 18.00 ден - 21.00 ге дейін С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта қала тұрғындарына және қала қонақтарына, жалпы қалың оқырманға арнап жазғы оқу залын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқырмандардың бос уақытын яғни демалысын тиімді пайдалануына, жалпы қоғамды кітап оқуға тарту, саябақта жүрген демалушыларға қала тұрғындарына ақпарат ұсыну, сонымен қатар қала тұрғындарына кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік жасау.
Қаламызда өтіп жатырған «Туған жерім - нұрлы елім» акциясы аясында Әйтеке би ауданының күндеріне орай ұйымдастырылған мәдени шараларға жиналған демалушылар, солардың ішінде елімізге танымал әншілер, өнер адамдары, жалпы әдебиет сүйер қауым кітап көрмесінеде бет бұрып қызығушылық танытып жатты.
Жергілікті ақындар Ертай Ашықбаевтың 60 жылдығы мен ақын Мейірхан Ақдаулетұлының 65 жылдық мерейтойларына арнап «Өлеңім кеудемдегі самғар құсым», «Ақын жолы-жыр жолы» атты кітапхана қорындағы олардың барлық туындыларынан кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрме жанында кітапхана қызметкерлері Кудасова Үржан, Бопилова Гүлшарат, Елеуова Айман қала тұрғындарына шолу жасап, жаңадан келіп түскен газет-журналдар топтамасыменде таныстырып ақпарат беріп тұрды.
Көрмедегі кітаптарға қызығушылық білдірген саябақтағы демалушыларғакітапхана қызметі туралы ақпараттық, жарнамалық парақшалар таратылды.









