«Табиғат тағдыры-адамзат тағдыры» өлкетану сабағы

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 18 тамыз күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Табиғат тағдыры-адамзат тағдыры» өлкетану сабағы өткізілді.

            Мақсаты: Туған өлкеміздің экологиялық жағдайымен таныстыру, жастардың қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру болып табылады.

            Шара барысында кітапханашы Есалинова Айнель өлкеміздің экологиялық жағдайымен таныстырып, «Табиғат тал бесік», «табиғат тағдыры-ғасырлар байлығы» атты мультимедиялық слайдтары арқылы еліміздің бай табиғатын суреттеп әңгімеледі.     

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері табиғат туралы қойылым қойды. Сондай–ақ, «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеде Д.Бернидің «Табиғат ғажайыптары», Б.Жақыптың «Атамекен» географиялық энциклопедиясы, А.Иващенконың «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» суретті энциклопедиясы, Р.Әлімқұловтың «Қызықты биология», А.К.Бродскийдің «Жалпы экологияның қысқаша тарихы»   оқулықтарында экологиялық маңызды деректер, биосферадағы тепе-теңдіктің бұзылу себептері, биосферадағы сулардың ластану көздері және оларды тазалау әдістері көрсетілген. Сонымен қатар, көрмеден орын алған көптомдық «Қазақстан табиғаты» энциклопедиясында еліміздің бай табиғаты, көрікті қорықтары, сәнді саябақтары, жануарлар әлемі, өсімдіктер дүниесі тағы да басқа тақырыптардағы мәліметтер энциклопедиялық жүйемен берілген. Сондай – ақ, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қойылды. Көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.