«ТМД халқының достығы- жарқын болашақ» атты кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

Биыл Тәуелсіз мемлекеттер Достығының құрылғанына 25 жыл. Осыған орай 2016 жылдың 23 тамыз күні сағ. 1100- деС.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «ТМД халқының достығы- жарқын болашақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: жастарды ТМД елдерімен таныстыру, ТМД елдерінің жалпы сипаттамасы, елдерінің құрамы, ішкі және сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру, патриоттық тарбие беру.

Кітап көрмесіне «Қазақстан және әлем елдері», «Казахстан и евразийская интеграция», «Народы Казахстана», «Түбі бір түрікпіз» және тағыда басқа кітаптармен газет-журналдар қойылды.

Шара барысында Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, эконимика магистрі Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы оқырмандарға ТМД елдерінің достастығы туралы айтып берді. Кітапхана қызметкері Есалинова Айнель Ж.Молдағалиевтың «Мен қазақпын» атты өлеңін оқыды. «ТМД халқының достығы- жарқын болашақ» атты кітап көрмесі, «ТМД халқының достығы – ғасырлар байлығы» атты слайд ұйымдастырылды.

Обновлено 23.08.2016 12:17