2016 жылдың 4 тамыз күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Бейбітшілік –ел ұраны» атты тарихи сағат өткізілді. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясы аясында өткізілді.
Шараның мақсаты: Ерте кезде жауласушылардың жанжалын тоқтату мақсатында ежелгі дәстүр бойынша әйел ананың басындағы ақ орамал ортаға тасталған. Сондықтан шара барысында ақ орамалдың қадір қасиетін түсіндіру.
Бүгінгі шараға Ақтөбе облысының укіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті - Дюсенова Айгүл Егізбайқызы; «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі –Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы қонақ ретінде қатысты.
Ақ орамалдың қазақтардың тарихында филасофиялық мағынасы терең. Ақ түс- тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді.
Шара барысында қонақтар елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV самитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесіне қолдау көрсету керектігін жеткізді. «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі Көшкінбай Нұрмағамбетұлы қонақ ретінде қатысып өзінің ақ орамал туралы естеліктердің куәсі болғандығын айтып, ақ орамалдың филасофиялық мәнін түсіндіріп өтті.
Кітапхана қызметкерлері «Ақ орамал» акциясы жөнінде толығырақ ақпарат беріп, М.Жұмабаевтың «Орамал» өлеңін кітапханашы Лариса Құрымбаева мәнерлеп оқыды. «Бірлік бар жерде-бейбіт өмір бар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды. Сонымен қатар, көп жылдар бойы кітапхана саласында еңбек етіп келе жатырған жасы үлкен апалар кейінгі толқын қыз келіншектерге ақ ниеттерімен сыйластықтың белгісі ретінде ақ орамал сыйлады.
Шара соңында кітапхана ұжымы, 1681-1684 жылдары еліміздің оңтүстігінде Сайрам өңірінде жоңғарларға қарсы шығып, шешуші шайқаста қаза тапқан Тілеу Айтұлы ескерткішіне гүл қойып, батырдың рухына тағзым етіп, бейбітшіліктің нышаны ретінде ақ орамал қойды.









