Қазақстан ақын - жазушыларының мерейтой кітаптары
80 жыл Дихан Әбілев «Мұңсыз Мәриям»: Поэма
70 жыл Қасым Аманжолов «Нұрлы дүние»: Өлеңдер
Дихан Әбілев «Алтай жыры»: Өлеңдер
Хамит Ерғалиев «Біздің ауылдың қызы»: Поэма
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Курляндия»: Роман
Жұмағали Саин «Күләнда»: Поэма
60 жыл Тахауи Ахтанов «Махаббат мұңы»: Повестер мен әңгімелер
Мұзафар Әлімбаев «Менің Қазақстаным»: Поэма
Қасым Қайсенов «Жау тылындағы бала»: Повесть
Тұманбай Молдағалиев «Кәмилә»: Өлеңдер мен поэма
Бек Тоғысбаев «Жаңбырлы күз»: Әңгімелер
Сафуан Шаймерденов «Мінез»: Әңгіме
50 жыл Төлеген Айбергенов «Мен саған ғашық едім»: Өлеңдер
Хамит Ерғалиев «Күй-дастан»: Поэма
Қасым Қайсенов «Партизанской тропой»: Повесть
Дмитрий Снегин «В городе Верном»: Роман-трилогия
Әкім Тарази «Асу-асу»: Повесть
Мұхтар Шаханов «Ай туып келеді»: Балладалар мен өлеңдер
Орыс және шетел әдебиеттерінің мерейтойлары
190 лет Александр Сергеевич Пушкин «Маленькие трагедии»: Пьесы
180 лет Михаил Юрьевич Лермонтов «Герой нашего времени»: Роман
Тарас Григорьевич Шевченко «Кобзарь»: Сборник
Фенимор Купер «Следопыт»: Роман
140 лет Федор Михайлович Достоевский «Братья Карамазовы»: Роман
Михаил Евграфович Салтыков-Щедрин «Господа Головлевы»: Роман
110 лет Герберт Уэллс «Машина времени»: Роман
Александр Иванович Куприн «Поединок»: Роман
Лев Николаевич Толстой «Живой труп»: Рассказ
Теодор Драйзер «Сестра Кэрри»: Роман
Генрик Сенкевич «Крестоносцы»: Исторический роман
Болеслав Прус «Кукла»: Роман
Көпейұлы Мәшһүр – Жүсіп
К 69 Шығармалар жинағы/ Құраст. Н.Жүсіпұлы.- Алматы:
«Өлке» баспасы, 2014.- 336 б.
«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен оқырманға жол тартқан бұл кітапқа Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзіндік өрнегі мол өзекжарды өлеңдері, аңыз-әңгімелері, ертегілері, мақал-мәтелдері, баталы сөздері мен қазақтың хан, шешен, батырлары тарапынан айтылған тарихи ой-түйіндері еніп отыр.
Сондай-ақ, бұл кітап ақынның әулие-көріпкелділік қасиеттері жөнінен де сыр шертеді.
Шаханов М.
Ш 31 Шығармалар жинағы/ Мұхтар Шаханов.- Алматы:
«Өлке» баспасы, 2015.- 480 б.
Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың бұл жинағына ақынның әр жылдарда жазылған өлеңдері мен дастандары, поэмалары енді.
Ақынның шығармалары көп салалы, сан алуан тақырыпты қамтиды. Және оның шынайы шабытынан ширығып шыққан өлеңдері жалпақ жұрттың жүрегіне жол тауып жатады.
Бұл кітап «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан.
Сәрсенбай О.
С 28 Өмір – тарих./ Құраст. Қ.Байділдаұлы.- Алматы: «Қайнар баспасы» ЖШС, 2016.-384 б.
Бұл кітапқа О.Сәрсенбайдың 2004, 2014 жылдары жарық көрген «Өмірнама» кітаптарындағы қаламгер күнделігінің жалғасы автордың дүниеден қайтарға дейінгі хронологиялық ретпен, сондай-ақ кезінде жұртшылықтың жақсы лебізіне бөленген «Ұйқың тыныш болсын», «Қосқұдықтың басында» атты әңгімелері мен «Таңбалы тас», «Ағабектің ақыры» атты повестері енген.
Мырза Әлі Қ.
М 91 Шығармалар жинағы./ Құраст. М.Құлкенов.- Алматы: «Өлке» баспасы, 2015.-480 б.
«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен оқырманға жол тартқан бұл кітапқа қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің халықтың көкейінен шыққан лирикалық өлеңдері, философиялық терең оймен өрілген жырлары, әнге жазылған мәтіндері мен қысқа-қысқа ғибратнамалық әңгімелері енгізілген.
Файзуллаев Ә.
Ф17 Ақылыңа ақыл қос./ Әлібек Файзуллаев.-Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016.-192 бет.
О бастан әділдікке, адамгершілікке бастайтын жол – ата-ананың балаға берер тәлім-тәрбиесі.
Демек, жас өскін ұрпақ осы кітаптан өзіне өмірлік серік – сенімділікті, адами қасиеттерді бойына сіңіре алады.
Кітаптағы әңгіме арқауы қысқа да, нұсқа, түсінікті тілмен түйінделген.
Марат Мәжитов
ТОБАНИЯЗ. (Роман) – Алматы: «Өлке» баспасы, 2003.-288 бет.
Жазушының бұл романы екі кітаптан тұрады. Бірінші кітапта автор өз кейіпкері Тобанияздың Адай уездік комитетінің төрағасы болып сайлануына дейінгі өмір дастанын суреттейді. Бар – жоғы елу бес жасап, Кеңес өкіметінің қаһарына ілігіп, атылып кеткен бұл аяулы жанның сан-салалы қызметі мен тіршілік-тынысын жазушы кестелі тілмен, оралымды оймен көрсете білген.
Сегіз арыс Адай еліне хан Тобанияз атанған бұл қайраткер образы романда ашық та айшықты бейнеленген.