2016 жылдың 7 шілде күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Әнші (баритон), Қазақстанның халық артисі, ССРО-ның халық әртісіЕрмек Серкебаевтың туғанына 90 жыл толуына арнап «Өнер тарланы - Е.Серкебаев» әдеби сағатөткізілді.
Шараның мақсаты: Оқырмандарды әншінің шығармашылығымен таныстыру, оның өнегелі шығармалары арқылы адамгершілік, адалдық, махаббат сияқты құндылықтарды жастардың бойына сіңіре отырып тәрбиелеу.
Кеңес Одағының халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының профессоры Ермек Серкебаев 1926 жылы Петропавловск қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі болып қызмет атқарып, опералық портреттердің әдемі галереясын жасады. Е. Серкебаев сомдаған образдар арасында ұлы Абайдың тұлғасы,Ер Тарғын және Алпамыс образдары бар. Ол қазақтың вокальды қазіргі замандық музыкасын үздік орындаушысы болды.
Шара барысында кітапханашы Лариса Құрымбаева «Ермек – қазақтың маңдайына біткен ұлт мақтанышы» атты слайды арқылы қазақ халқының аса дарынды перзенті, ұлттық опера өнерінің жаңа беттерін ашып, оны әрі қарай дамытуға үлес қосқан күміс көмей әншінің өмірімен шығармашылық белестері туралы әсерлі жеткізді. «Ермек Серкебаев-опера өнерінің дүлдүлі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу жасалды. Көрмеге ол туралы кітаптармен газет-журнал материалдары, сонымен қатар әйгілі әншінің мұрағатынан алынған фото шежіре кітабы қойылды. Шара соңында «Үнің кетпес құлақтан» бейнебаяны арқылы Ермек Серкебаевтың орындауында бірнеше әндер тыңдалды.









