«Болашағын ойлаған ел, бөбегін аялайды» ертегілер еліне саяхат

E-mail Печать PDF

2016 жылдың 1 маусым күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кітапхананың кішкентай оқырмандары арасында «Болашағын ойлаған ел, бөбегін аялайды» аттыертегілер еліне саяхат өткізілді.

Шараның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға Халықаралық мейрамдары туралы түсінік беріп, білуге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстырып, ой-өрісін кеңейтуге көмектесу. Балалардың көңілдерін көтеріп қуаныш сыйлау.

Балалардың көптен күткен жазғы демалысыда келіп жетіп, құлпырған жаздың алғашқы күні мерекемен басталды. Мереке болғанда да қандай мереке десеңізші, кішкентай ғана балдырған бүлдіршіндерімізді шексіз қуанышқа бөлеген «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесі. Бұл балғын балалар үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Сонымен қатар бұл мереке өскелең ұрпақтар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі ғана емес, ересектерге де балалардың біздің қамқорлығымызды үнемі қажет ететіндігін және біздің оларға жауапты екенімізді еске салатын мереке.

Бүгінгі шара барысында балалар өз өнерлерін көрсетті. Солардың ішінде Әлия, Асыл, Жантөре сынды балалар әр түрлі тақырыптарда тақпақтар айтып, Дастан, Адия, тағыда басқа балалар «Көңілді күн», «Әр қашан күн сөнбесін» әндерін шырқаса, Айым, Диана сияқты кішкентай оқырмандарымыз шығыс, үнді билерін билеп мерекелік көңіл күй сыйлады. Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлеріне байланысты қойылған жұмбақтарды шешті, қызықты ойындар ойнады. Соның ішінде ұлттық ойындар: асық, арқан тартыс ойындары ойналды.

Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда ертегілердің маңызы зор. Тапқырлық пен төзімділікке, достыққа тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап өскен бала мейірімді, үлкенді сыйлайтын, өз елін қорғайтын азамат болып өсуіне ықпал етеді. Сондықтанда шара барысында кітапханашылар әртүрлі аңдардың: аюдың, түлкінің, тышқанның, қоянның киімдерін киіп, ертегі кейіпкерлерінен қойылым қойып, ертегілер оқып берді.

«Кітаппен бірге өсеміз», «Мен ұнатқан кітаптар» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Бұл аталған көрмелер екі ай бойы яғни маусым - шілде айларында балалар мен жасөспірімдер демалысын тиімді пайдаланып, бос уақытында кітапханаға келіп кітап оқу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Көрме үнемі толықтырылып жаңадан келіп түскен әдебиеттермен жаңартылып тұрады. Кітапханашы Құрымбаева Лариса кітап көрмесімен таныстырып жануарлар, таңғажайып ертегілер, сонымен қатар, ер балаларға, қыз балаларға арналған, әр түрлі тарихи қызықты оқиғалар жазылған кітаптарды ұсынды. Балалар зейін қойып тыңдап, сұрақтар қойып отырды. Сонымен бірге балаларға арналған слайд тамашаланды.

Бүлдіршіндер сыртқа шығып ашық аспан астында қиялынан туындаған суреттерін яғни кемпірқосақ, ашық аспан, күн шуағын суреттесе, ер балалар автокөліктің суреттерін салды.

Кітапхана директоры Марат Төлебай балаларды мерекелерімен құттықтап, бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, өскенде елдің болашағын ойлайтын азамат болып өсіңдер деп тілек білдірді. Меркелік шара балалардың «Қара жорға» әніне би билеуімен аяқталды. Балаларға балмұздақ, тәттілер таратып, меркелік дастархан жайылды.

Бұл өткізілген іс-шарамыз бүлдіршіндердің көңілін бір серпіп тастады деген ойдамыз.

 


Обновлено 02.06.2016 04:42