«Жеңіс тойы, жаса мәңгі» ауызша журнал

E-mail Печать PDF

2016 жылы 5 мамыр күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағыоблыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернатының білім алушылары арасында9 мамыр-Жеңіс күнінеарнап, «Жеңіс тойы, жаса мәңгі» атты ауызша журнал өткізді.

Шараның мақсаты: жастарды патриоттыққа, ерлікке тәрбиелеу,ата-бабаларымыздың қан майданда жеңіске жеткен ерлігін үлгі ету.

 

        Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 71 жыл толып отыр. Қазақстан бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Қасиетті де қастерлі Отан үшін жан беріп, жанын пида еткен батырларды жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету–біздің кейінгі ұрпақтың ең басты парызы.

Өткізілген ауызша журнал 4 беттен тұрады.

1 бет – Ұлы Отан соғысының тарихы.

2 бет – Ақтөбе облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ақтөбе батырлары.

3 бет – Жеңіс туралы өлеңдер.

4 бет- «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты слайды

Шара барысында оқушылар «Жеңіс хабары жеткенде», «Солдаттар қайтқанда» т.б. жеңіс туралы өлеңдерін жатқа оқыды. Бүгінгі шара барысында кітапханашы Қайнақаева Азатгүл, Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері жөнінде қызықты әңгімелеп берді. Сонымен қатар оқушылар кітапхана қызметкерлері дайындаған 1941-1945 жылдардағы ұлы Отан соғысы туралы қойылымды тамашалады

«Желбіре Жеңіс жалауы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жастар Ұлы Отан соғысы жылдарына байланысты викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында жастар «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты слайдты көрсетілді.

Обновлено 17.05.2016 05:42