ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ !
Қазақстанның Елордасы – Астана қаласының 15 жылдығына орай ұйымдастырылған «Астана – елімнің жүрегі»
атты жасөспірімдер арасындағы облыстық поэзия байқауының
жеңімпаздарын құттықтаймыз.

Жүлделі орындар:
І орын – Бақаев Ерсұлтан. Ақтөбе қаласы. №47 қазақ орта мектебінің оқушысы.
ІІ орын – Мұханбетова Ақжан. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті.
ІІІ орын – Аманжолұлы Қазыбек. Мәртөк ауданы. Коминтерн орта мектебінің оқушысы.
Үздік өлеңдер бойынша ынталандыру сыйлығының иегерлері:
Қартабаев Ерзат – Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің студенті.
Сырлыбаев Нұркен – Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенті.
Тумышева Айнұр – Темір ауданы. №2 орта мектебінің 10 класс оқушысы.
Ниетулла Назерке – Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің студенті.
Абуов Аслан – Шалқар ауданы. №8 орта мектептің оқушысы.
Евсеева Елизавета – Ақтөбе мұнай және газ колледжінің студенті.
Матаева Мейрамгүл – Мұғалжар ауданы. Ембі қалалық №4 орта мектептің оқушысы.


«БЕКІТЕМІН» Облыстық мәдениет басқармасының басшысы
________Н.С.Табылдинова «_1 » __шілде___2013 ж.
Қазақстанның Елордасы – Астана қаласының 15 жылдығы аясында
«Астана – елімнің жүрегі» аттыжасөспірімдер арасындағы облыстық поэзия байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер.
$1· «Астана – елімнің жүрегі» атты жасөспірімдер арасындағы облыстық поэзия байқауының мақсаттары мен міндеттерін, өткізу тәртібін белгілейді.
$1· Байқаудың ұйымдастырушылары Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы болып табылады. Қазақстанның Елордасы - Астананың 15 жылдығы аясында өткізіледі.
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері.
- ҚР Тәуелсіздік алған жылдан бері Елордамыз – Астанамыздың жетістіктерін жырлау.
- Жастар арасында ақындық өнерді насихаттау, оның ішінде жазба ақындықтың деңгейін биіктету;
- Жастардың шығармашылық қабілеттіліктерін, көркемдік – эстетикалық дүниетанымын ашу, дамыту және қолдау.
- Жастар ортасында бос уақытты маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру.
- Кітапханалардың әлеуметтік маңыздылығын арттыру.
- Өзге ұлт жастарын баулу.
3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі.
1. 1 шілде – 31 қазан аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында байқау жұмыстары қабылданады.
2. 1 – 30 қараша айы аралығында әділ-қазылар алқасының сараптау жұмысы, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі.
3. Байқау қорытындысы «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай шығарылады.
4. Байқаудың шарттары.
- Байқауға облысымызда тұратын 14-21 жас аралығындағы жастар қатыса алады;
- Байқауға А4 форматтағы Times New Roman 14 шрифтімен және қара түспен терілген өлеңдер тапсырылуы тиіс;
- Тақырыпқа сай және еркін тақырыптағы өзі жазған өлеңдер қабылданады;
- Байқаудың тақырыбынан ауытқымауы тиіс;
- Автордың өлең арқылы өз ойын жеткізе білуі;
- Көркемдік жағынан әсерлі болуы;
- Ұйқасының ұтымдылығы.
5. Өтініштерді рәсімдеуге қойылатын талаптар және қабылдау.
- Толтырылған өтініште байқауға қатысушының аты-жөні, туған жылы, фотосуреті, оқу орнының толық атауы, курсы (класы), жұмыс орны, мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетілуі тиіс;
- Қатысушы өзі жазған өлеңінің басына тақырыбын және өзінің аты-жөнін көрсетуі тиіс;
- Өлеңдер мен өтініштер 2013 жылдың қазан айының 31-не дейін С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қабылданады.
Мекен - жайымыз: Ақтөбе қаласы, индекс 030007,
Бейбітшілік даңғылы, 17- үй
тел./ факс 7(7132) 50-44-48
кітапхана сайты: www. aktobeoub.kz.
эл. почта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript .
6. Байқауды қорытындылау.
- Әділ – қазылар алқасы жабық қорытындылау үрдісін жүргізеді және де қорытындылау үрдісіне қатысушылар қатыстырылмайды.
- Байқауға тапсырылған жұмыстар қайтарылмайды және оған ой-пікір айтылмайды.
- Байқаудың қорытындысы бойынша І, ІІ және ІІІ жүлделі орындар анықталады. Жеңімпаздар арнайы Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
7. Жеңімпаздарды марапаттау.
- Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2013 жылдың 29 қараша күні сағат 1100-де өтеді.
- Байқаудың жеңімпаздары туралы хабарлама кітапхананың сайтында
www. aktobeoub.kz. және БАҚ-да жарияланады.
- Байқаудың қорытындысы бойынша «Астана – елімнің жүрегі» атты мультимедиялық жинақ басып шығарылады.








