2016 жылы 28 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе гуманитарлық колледжінде студенттер арасындақазақ музыкасының көрнекті қайраткері, әйгілі компазитор, өнер ғылымдарының докторы Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Саз әлемінің сардары» атты әдеби сазды сағат өткізді.
Шараның мақсаты:Ахмет Жұбановтың өмірімен шығармашылығын насихаттай отырып, музыкасын ән, күй өнерін жастар мен жасөспірмдерге ұсыну.
Ахмет Жұбанов Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген. Ол композитор, дирижер, музыкатанушы, этнограф, ҚазССР-нің халық артисі, өнертану ғылымының докторы, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр - қайрат көрсеткен тұлға. Ұлттық музыкалық мәдениет мәселелеріне байланысты 100 деген зерттеу еңбектері бар. Күйшілердің өмірі мен шығармашылығын зерттеген «ғасырлар пернесі» атты кітабы халық әншілері туралы «Замана бұлбұлдары» атты еңбегі бар. Қазақтың ұлт-аспаптары оркестрі үшін 100 ден аса күйді өңдеп түсірді.
Шара барысында кітапхана қызметкері Кенжебаева Арайлым Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстырып, оның ән-күй қазынасына терең үңіліп, оқырман қауымға қызықты әңгімеледі. Колледж студенттері арасынан Қызыл Динара, Сұлтанбекова Лаура, Зейнекен Аяулым сынды жастар М.Әлімбаевтың «Домбыра», Ә.Тәжібаевтың «Оркестр», Ж.Нәжімеденовтың «Дирижер» өлеңдерін оқып берді. Сонымен қатар «Қазақ музыкасының ғұламасы» атты деректі фильм көрсетілді.
Студенттерге көрнекті сазгердің қысқаша өмірі мен қызметінен викториналық сұрақтар қойылды.
Шара соңында жастар А.Жұбановтың «Қарлығаш», «Ақ көгершін» әнін бірге шырқады.









