«Мамандықтың бәрі жақсы, ұнағанын таңдап ал» ақпараттық сағаты

E-mail Печать PDF

2016 жылы 20 сәуір күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері №26 мектеп оқушылары арасында «Мамандықтың бәрі жақсы, ұнағанын таңдап ал» атты ақпараттық сағат өткізді.

Мақсаты:Оқушылардың жеке және кәсіби өзін-өзі тануына көмек жасау, оқушылардың болашақ мамандығын айқын да сенімді таңдауға бағыт беру, оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке баулу.

Әлемде мамандықтың түр - түрі бар. Мамандық — қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Жоғары кластарда оқитын оқушыларды «Қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық.

Кітапхана меңгерушісі Бөлтекова Ләззат мемлекеттік жоғарғы оқу орындарына, жеке меншік оқу орындарына қысқаша тоқталып, мамандықтар туралы ақпарат берді.

Оқушылардың назарына «Мамандықтың бәрі жақсы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге «Путеводитель по профессиям», «Кәсіби бағыт алу негіздері», «Абитуриент», «Справочник куда пойти учится?» тағыда басқа мамандықтарға бағыт-бағдар беретін туралы кітаптар мен баспасөз басылымдары қойылды.

 

Обновлено 17.05.2016 05:33