Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Болашаққа мұра» акциясы аясында «Оқы және өзгеге ұсын» кітап марафоны өткізіліп жатыр. Кітапхана классикалық және шетелдік көркем әдеби кітаптарды оқырмандарға сыйға ұсынуда.
Кітап марафонының мақсаты – оқырмандардың өз бетінше оқуын дамыту, көркем әдебиетті насихаттау.
Марафонның шарты – таңдап алынған кітап оқылып, кейін кітапсүйер келесі оқырманға берілуі керек.
Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған
«Оқы және өзгеге ұсын» акциясының ережесі
Акцияны ұйымдастырушы: Облыстық Сағи Жиенбаев атындағы
жасөспірімдер кітапханасы
Акция мақсаты:
- Еліміздің басты жетістігі - Тәуелсіздікті насихаттау;
- Жастарды оқуға тарту;
- Қазақ және әлем әдебиеттерін насихаттау.
Акцияның шарты: Кез-келген оқырман «Оқы және өзгеге ұсын» кітап көрмесінен ұнаған кітабын таңдап, сыйға алып, оқып, кейін досына, танысына, кітапсүйер оқырманға ұсынуы тиіс.
Акция қоры: Оқырмандардан қабылданған және кітапхананың есебінде тіркелмеген
кітаптар
Акцияның өту мерзімі: 23 сәуір – 31 желтоқсан 2011 жыл
Біздің мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы, № 17.
Телефон: 50-44-48, 53-01-10
E-mail:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
http://aktobeoub.kz