2016 жылдың 12 ақпан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері №31 қазақ орта мектебіне барып «Ұлтын ұлықтаған тұлға» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Аталмыш шара көрнекті мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтың туғанына 125 жыл толуына арналып өткізілген болатын.
Шараның негізгі мақсаты: мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтың есімін ұлықтау, қазақ халқының болашағы үшін күрескен тұлғаның ерлігін жастарға үлгі ету.
Шараға қатысқан қонақтар: Бекарыстан Мырзабеков- тарихшы-өлкетанушы, «Әбілхайыр хан» мемориалдық музейінің меңгерушісі; Аманбаева Ақтоты Сұлтанқызы - №31 қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Ашықбаева Жадыра Шуйншалиевна - №31 қазақ орта мектебінің педагог-ұйыдастырушы, қазақ –тілі пәнінің мұғалімі; Жолдыбаева Жарқынгүл- №31 қазақ орта мектебінің кітапханашысы;
Қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, өз елінің тәуелсіздігін қорғаған тарихи тұлғалар аз емес. Бүгінгі шара барысында Бекарыстан Мырзабеков оқушылаға Қазақ Кеңес республикасын құрушылардың бірі болып, оның аяққа тұруы жолында орасан зор еңбек еткен, кейінірек ұлттық мүддені жоғары қойғаны үшін сол мемлекеттің «қолынан» қаза тапқан ірі мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетов туралы көптеген мәліметтер айтты. Сонымен қатар жастарға Ұзабай Құлымбетов жөнінде түсірілген деректі фильм көрсетілді.
Ұйымдастырылған көрмеге З.Байдосовтың «Зұлмат және зобалаң» атты төрт томдық кітабы сонымен бірге екі томдық «Алаш көсем сөзі», «Алаштың ардағы», Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік белестері» тағыда басқа кітаптар мен мерзімді басылымдар бетіне жарияланған мақалалар қойылды. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Кенжебаева Арайлым кітап көрмесіне шолу жасап таныстырды. Оқушыларды кітапханаға кітап оқуға шақырып, мектеп ұжымына алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасауды ұсынды.









