«Ешқашанда өшпес ерлік» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

      11 ақпан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл толуына орай  «Ешқашанда өшпес ерлік»атты ауған ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

       

 

Шараның  мақсаты: Ауған  соғысында  намысы жоғары, интернационалдық борышын адал өткерген азаматтардың ерлігін өскелең ұрпаққа  үлгі  ете  отырып,  жастарды  отансүйгіштікке,  ерлікке  баулу.

   Шараға  қатысқан қонақтар: Нұрмұхамбетов Аманбай Шағылбайұлы-Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы; Амантаев Бекарыс Адайбайұлы-Ақтөбе қаласының Қорғаныс істері  жөніндегі  басқармасының сержанты; Жұмабеков Амангелді Бәйішұлы - «Ауғансоғысының жауынгер - интернациолистерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігі  төрағасының орынбасары; Қалмұратов Жақсығали Жарылқапұлы - ауған соғысының ардагері; Хасенов Амангелді Әбішұлы - №39 қазақ орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Төлебай Марат Төлебайұлы – С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры және  қаламыздағы №39, 16 орта мектептердің  жоғарғы класс оқушылары қатысты.

  2015 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл толады. 15 ақпан күні кеңес әскерлері ауғанстан жерінен елге оралды. Бұл күнді ауған ардагерлерінің және соғыста қаза тапқан жауынгер –интернационалистерін еске алу күні болып табылады.

  Патриоттық кеш басталмас бұрын шараға жиналған қауым соғыста қаза тапқан жауынгер –интернационалистерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

  Одан кейін Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы - Нұрмұхамбетов Аманбай Шағылбайұлы шараны ашып, от пен оқтың тезінен өткен, көргені көп, түйгені мол азаматтардың лебізі, өскелең  ұрпақ үшін қашан да құнды, сондықтанда осындай патриоттық шараның жастарға берері мол екендігін айтып өтті.

 Кеш барысында ауған соғысының ардагерлері Жұмабеков Амангелді Бәйішұлы, Қалмұратов Жақсығали Жарылқапұлыотан үшін отқа түсіп қыршыннан қиылған,жат жерде көз жұмған қандас, қарулас азамматарымызды еске алып,олардың ерлігін,естен кетпес естеліктерін айтып отырды. Жастар ардагерлерге көптеген сұрақтар қойып тұшымды жауап алды. Шараға қатысушылар «Ешқашанда өшпес ерлік»  атты ауған соғысы туралы деректі фильмді және «Ел үшін ерлігімен еленген» атты слайдын тамашалады.

  №39 қазақ орта мектептің оқушылары Бекмұратова Әсем, Шынболатов Ғани «Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен», «Жазмыш», «Ұрпаққа аманат» атты қазақ ақындарының өлеңдерін патриоттық сезіммен оқыды. Облыстық халық-шығармашылық үйінің әншісі Роза Жумина ән шырқап жиналған қауымға көңіл күй сыйлады. Шараға арнайы «Ауғанның  от  жалыны»  атты  кітап  көрмесі ұйымдастырылды сонымен қатар белгілі жазушылардың қанатты сөздері жазылған ширма жасалды.

  Шара  соңында  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Марат Төлебай  кешті  қорытындылап,  өз сөзінде  жауынгер - интернационалистерді мерекелерімен  құттықтай келе, оларға  алғысын  білдіріп  зор  денсаулық  тіледі. Кеш аяқталған соң жастар құрметті қонақтармен естелікке суретке түсті.