«Тәуелсіздік қиялымның қанаты» патриоттық сағат

E-mail Печать PDF

Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік  күні  мерекесі қарсаңында 2015 жылдың 15 желтоқсан күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері  №16 мектептің  жоғары класс оқушылары арасында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік қиялымның қанаты» патриоттық сағат өткізді.

Мақсаты:Патриоттық сезімге баулу, өз еліне деген сүйіспеншіліктері мен құрметін арттыру.

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 24 жыл толды.

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік - жігері, ең алдымен барша Қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі. Сондықтан бүгін өткен тарихымызды еске ала отырып болашаққа нық қадам басуымыз керек. Өз елінде тұрып жатқан әрбір адам өз отанын, жерін тарихын мақтан тұтады- деп кітапханашы Есалинова Айнель жасөпірімдерге еліміздің тарихына тоқталып өтті. Оқушылар арасынан Айтжанов Жоламан, Шаймерденов Алишер, Сатбаев Тілеу қазақ ақындары Айтан Несіпханның «Тәуелсіз» атты бар арман», Бақытбек Бәмішұлының «Тәуелсіздік» тағыда басқа  тәуелсіздік туралы өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берді. Шара барысында оқушылар «Тәуелсіздік қиялымның қанаты» слайдын және бейне ролик тамашалады. Кітапханашы Қайнақаева Азатгүл «Тәуелсіздік тірегі-тұтастық» аттыкітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасады. Шараға қатысқан 8-9 класс оқушылары мақал-мәтелдердің жалғасын табу ойынын ойнап жарысты.