«Ұлт мақтанышы-Елбасы» кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

2015 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 15.00 де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткізілген  «Ел тұтқасы Елбасы» атты кешке арнап С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдеркітапханасы «Ұлт мақтанышы-Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет бере  отырып, халық  үшін  жасаған ерен еңбегін  жастарға үлгі ету. Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабылетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу. 

Көрмеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  өзі жазған кітаптары:  «Қазақстандық  жол», «Тәуелсіздік белестері», «Әділеттің ақ жолы», «Ой бөлістім  халқыммен», «Туған елім - тірегім», «Өзекжарды ойлар», «Еуразия жүрегінде» кітаптары сонымен қатар, Н.Назарбаевтың  туып  өскен  жері,  өмір  жолы, Қазақстан тарихынан сыр шертетін, Елбасымыздың  ел  үшін  жасаған  ерен  еңбегі  туралы  жазылған кітаптар мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.

Кітап көрмесіменкітапхана қызметкерлері таныстырып шолу жасап, кеш қонақтарына Елбасының кітаптарын ұсынды.

Сонымен бірге  «Елбасы Ақтөбе жерінде» тақырыбында  фото шежіре ұйымдастырылды.