
2015 жылы 16 шілде күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамының Ұлт жоспарын талқылауға арналған «Президенттік бес реформа: ел дамуының жаңа кезеңі» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Елбасымыздың әр жылда халқына жолдаған жолдауларының жүзеге асырылуына өз үлесімізді қосып, жақында қабылданған «Ұлт жоспары -100 нақты қадамды» талдау жұмыстарын жүргізу арқылы аталмыш нақты қадамның мән-мағынасын халыққа дұрыс ұғындыруды және бірлесе жүзеге асыруға шақыру.
Бүгінгі шара барысында кітапханашы Бекеева Жанат оқырмандарға, кітапхана қызметкерлеріне Елбасы мемлекеттік мәселе деңгейінде көтерген бес институттық реформаны қатардағы жәй реформа емес, институционалды реформа екендігі жөнінде толықтай түсіндіріп өтті.
«100 нақты қадам – ұтымды жоспар» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Бұл таңдау – Қазақстанның жарқын болашаққа қадамы» атты слайдты тамашалады. Президенттің ой-пікірлерінен көрме қойылды.
Осы бес реформа жинала келіп, Қазақстан мемлекеттілігін нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жағдайлар жасайды. Бұл – «2050-Стратегиясын» орындауға бастар жол. Бес институттық реформаның әрқайсысы – ел үшін орасан зор сын-қатер және үлкен жұмыс. Мұндай реформалар тек билік пен халықтың мықты ерік-жігерімен ғана қамтамасыз етіле алады.









