
10 шілде күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапхнасында С.Аронұлының туғанына 200 жыл толуына орай әдеби сағат өткізілді.
Мақсаты:Қазақ әдебиетіне жастардың сүйіспеншіліктерін тудыру. Ақын Сүйінбай Аронұлының шығармашылығымен таныстыру.
Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 — 1898) – қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.
Шара барысында кітапханашы Бопилова Гүлшарат оқырмандарға С.Аронұлының өмірімен, мол мұралары туралы айтып берді. Сонымен қатар, композитор туралы деректі фильмнен үзінді және «Сүйінбай ақын – түркі дүниесінің рухани қазынасы» атты слайд көрсетілді. «Алатаудың ақиығы - Сүйінбай» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге ақынның кітаптары мен газет-журнал материалдары қойылды.
Сонымен қатар «Сүйінбай – айтыстың ақиығы» атты зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлерінен алынған көрме қойылды.
Шараға кітапхана оқырмандары және кітапхана қызметкерлері қатысты.









