
2015 жылдың 30 маусым күні сағат 11.00 –де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері «Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Ақтөбе қаласы Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығымен» бірлесіп «Автотранспорт қызметі аясында мүгедектерге кедергісіз аймақ құру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кітапхана қызметкерлері «Кітап-болашаққа мұра, оқырманға аманат» атты кітап көрмесін және «Біз сіздермен біргеміз» атты фотокөрме дайындады.
Шараның мақсаты: «Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы жөніндегі конвенция» біздің өңірімізде іс жүзінде қалай қолданылуы жөнінде, қалыпты ережеде мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер қамтамасыз ету жағдайына баға беру.
«Қазақстан Республикасы Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау» заңы, мүмкіндігі шектеулі жандарды көлік тасымалдау қызметінде қол жетімділігі жөніндегі бағдарламаны қалпына келтіру.
Дөңгелек үстелдің қонақтары:
Басанов Ерлан Умирбайұлы –Ақтөбе облыстық көлік прокурорының көмекшісі
Сражова Гүлмирам Аманжолқызы –Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау орталығының директоры
Битинов Кубайдулла Нұрғалиұлы – «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамының» төрағасы
Сахиев Ақылбек - «Нұр Отан» партиясының бөлім меңгерушісі
Жолдасбаев Шахан Шахмаранұлы– Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау орталығының ЖШС «Пандус Ок», басшысы
Дюсенова Айгул –ЗТБ «Ақтөбе облысының Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының» президенті
Кудасова Үржан Құрманқызы –С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары
Сражова Гүлмирам Аманжолқызы дөңгелек столды қорытындылады.
Көлік қозғалысының мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімділігі қозғалды. Автобус аялдамаларында, автобуста (автобустың колясканы көтеріп түсіретін құралы болу керек) көлік қозғалғанда колясканы бекітетін құрал болса, жарық пен дыбыс белгілерін қондырса, қала аралық автобустар салонында аялдаманы атап тұратын дыбыстық таблолар қондырылса. Ақтөбеде және райондарда, автовокзал ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді мүмкіндіктер қарастырылса.
Кітапхана қызметкерлеріне рухани байлық сыйлап, біздермен тығыз қызмет істегендеріне рахмет айтамыз.









