«Ұлттық спорт-ұлылығымыздың белгісі» ауызша журнал

E-mail Печать PDF

          2015 жылдың 29 маусым күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттық спорт-ұлылығымыздың белгісі» атты ауызша журнал өткізілді.

                   Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, спорттық ойын түрлерін таныстыру арқылы балаларға тәрбие беру.  Бос уақыттарын тиімді өткізуге көмектесу.

                 Ұлттық ойынның қоғамдағы орны қай кезеңде болмасын қазақ халқы үшін маңызды. Халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал – жабдықты, өткізетін орынды талғамайды.

            Бүгінгі шараға кітапхананың кішкентай оқырмандары қатысты. Кітапханашы Құрымбаева Лариса балаларға қазақ халқының дәстүрімен, салт –санасымен, үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету және қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, бос уақыттарында кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды. Балаларға кітапханада «Арқан тартыс», «асық ойыны» «Сақина салу», «Қол күрес» сияқты қазақтың ұлттық ойындарын ойнатты.

«Ұлттық спорт- серігім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Қазақ спортшылары», «Қазақтың ұлттық ойындары» т.б. балаларға арналған әдебиеттермен таныстырылды. Шара барысында балаларға сөзжұмбақтар, викториналық сұрақтар қойылды. Жангелді Әділбек, Махтымханова Аяулым, Алдияров Дастан, Ермеков Нұрасыл, Карина Ким, Роман Ким, Қалабаева Карина сияқты т.б. оқушылар ойын ойнап, сұрақтарға белсене жауап берді. Кітапхана директорының орынбасары Кудасова Үржан Құрманқызы  кітапхананың атынан  сыйлықтар табыстады.