«Өмір - тіршілік қауіпсіздігі» әңгіме сағаты

E-mail Печать PDF

2015 жылдың 19 маусым күні сағат 16.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Өмір - тіршілік қауіпсіздігі» атты әңгіме сағаты өтті.

 Мақсаты: жасөспірімдерді өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, қауіп қатердің алдын алуға, өмірге қауіп төндіретін заттарды тануға, олардың денсаулығымызға, өмірімізге төндіретін қатерін түсіне білуге үйрету.

 Жаз мезгілінде оқырмандардың демалысын ұйымдастыру кітапхана  жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Балаларға қамқорлық үнемі үлкендердің қарауында болуы керек. Балалардың денсаулығы мен өмірін кез келген төтенше жағдайдан қорғау-негізгі тапсырма. Осыған байланысты үлкендердің балаларды төтенше жағдайдан қорғау білімдері болуы керек, сонымен қатар балаларды төтенше жағдай болған кезде қалай әрекет жасау керек екенін үйрету керек.

             Шара барысында кітапханашы Махамбеталиева Бағдагүл балаларға  төтенше жағдай болған кезде не істеу керек екендігін айтып, оларға жай және ойын түрінде  өмір қауіпсіздік негіздерін соның ішінде суда жүзу қауіпсіздігі туралы түсіндіріп өтті. Балалар бар ынтасымен тыңдап, қойылған викториналық сұрақтарға, жұмбақтарға қызығушылықпен жауап беріп отырды. Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге түрлі-түсті безендірілген әдебиеттермен, танымдық журналдар қойылды.