«Ұлт мақтанышы- Елбасы» танымдық кеш

E-mail Печать PDF

2014 жылы 27 қараша  күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағы  облыстық  жасөспірімдер кітапханасы  Тұңғыш  Президент  күніне  орай  «Ұлт мақтанышы- Елбасы» танымдық кеш өтеді.

Шараның  мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет бере  отырып, халық  үшін  жасаған ерен еңбегін  жастарға үлгі ету.Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабылетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу.

  Шараға  қатысқан  қонақтар: Ақтөбе  облысының  қоғамдық – саяси кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері- Құрманбек Еркін Жолмырзаұлы; «Ақтөбе»  газетінің бас  редакторы 1965-1992 жж, еңбек ардагері- Телеуов  Нұрқайыр;  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы - Омарова Бибігүл Жарболқызы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры - Төлебай Марат Төлебайұлы. Сондай-ақ, Ақтөбе экономика, статистика және информатика колледжінің, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері және № 47 жеке  пәндерді  тереңдетіп  оқытатын  қазақ  орта  мектебінің  оқушылары қатысты.

Кештің  өтілуі  барысында  кітапханашы Бекеева Жанат Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  туып  өскен  жері,  өмір  жолы  туралы  баяндап  берді. Ал кеш  қонақтары  Қазақстан тарихынан сыр шертіп, құнды мұраларды, жәдігерлер туралы баяндады. Қазіргі таңдағы жастар саясаты және олармен  атқарылып жатырған  жұмыстар, Елбасымыздың  ел  үшін  жасаған  ерен  еңбегі  туралы  айтты.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері Хамидуллина Бақтыгүл, Есалинова Айнел ақын Ш.Сариевтің «Елбасы Жолдауы», және М.Ыбраевтың Н.Назарбаев туралы «Кие» поэмасынан  үзінді оқыды.

  Әнші  Ғ.Жұбанова  атындағы  облыстық  филармонияның  әншісі  Жұлдыз Нұрқасымова мен облыстық халық шығармашылық үйінің әншісі Амангүл Ешпанова мерекелік  кешті  әсем  әндерімен өрнектеді.

Кеш соңында қонақтар  Отандық және шетелдік белгілі авторлардың Президент туралы жазған ғұмырбаяндық  мәліметтермен, оның Қазақстанның халықаралық мәртебесін нығайтудағы, біздің өміріміздің барлық саласындағы қайта құру реформаларын алға бастырудағы, Тәуелсіз Қазақстанды нығайту жолында қажымас қайраткерлігі туралы  жазылған  кітаптар мен  мақалалар қойылған кітап көрмесімен  таныса  алды. «Ел бастаған Елбасы» атты слайд көрсетілді. «Елбасы Ақтөбе жерінде» тақырыбында  фото шешіре  мен «Әлем саясаткерлерінің Елбасы туралы жылы лебіздері» атты әлем саясаткерлерінің сөздерінен  көрме ұйымдастырылды. Шара мазмұнды, мағыналы өтті, әсіресе еліміздің болашағы жастарға берері көп болды.