About Joomla!

«Мәдени  мұра – ғасырлар үні» атты кітап көрмесі

E-mail Печать PDF

      18 сәуір –Ескерткіштер  мен  тарихи  орындардың  халықаралық  күніне орай  облыстық  жасөспірімдер  кітапханасы «Нұр Отан» ХДП-ның  ғимаратында  «Мәдени мұра – ғасырлар  үні» кең көлемді  кітап көрмесін ұйымдастырды.

       Көрменің  мақсаты – жастарға патриоттық   тәрбие  беру, ұлттық  құндылықтарымызға  үлкен  құрметпен  қарауға  баулу. «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясындағы  жарық  көрген кітаптарды  насихаттау.

         Кітап көрмесіне «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  аясындағы  жарық  көрген  «Бабалар сөзі», «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің  тарихы», «Қазақ халқының  ежелгі  заманнан қазіргі кезге дейінгі философиялық мұрасы», «Қазақтың  дәстїрлі 1000  күйі», «Қазақтың  дәстүрлі 1000 үні», «Батырлық  жырлар»   антологиялары  т.б. кітаптар  қойылды.  Кітап көрмесіне кітапханашылар Шынар Кошанова  мен Радна Кенжебаева  шолу жасады.  Жастар  көрмедегі  кітаптармен  үлкен  қызығушылықпен  танысты.

         Қатысушылар: Ақтөбе қаласының зиялы қауым өкілдері, жергілікті ақын – жазушылар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледж студенттері, Ақтөбе теміржол  колледжі  мен Ақтөбе заң колледжінің  студенттері.