2021 жылдың 18 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Сырғалым» клубының мүшелерімен бірге «Қызым саған айтам...» атты сырласу сағатын өткізді.
Шараға «Шолпы» клубының кеңес мүшесі, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, балалар дәрігері Бисенғазы Әлия Орынбасарқызы, «Шолпы» клубының кеңес мүшесі, Руханият музейі патриоттық клубының жетекшісі, ақын, көпбалалы ана, өлкетанушы Абдуллина Жібек Османғалиқызы мен қажы Құттыбаева Халиса, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар қатысты.
Мақсаты: Қыз балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, қыз баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу, оны таңдай білу мәдениетін дамыту.
Шара барысында қонақтар қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, тігуді, талғаммен киіну, қыздарымыздың қазақи ар-намыстан, ұятынан ажырамай, қазақ қызына тән ибалы болулары жайында түсінік берді. Сонымен қатар оқырмандар қыз бала тәрбиесі туралы көптеген сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.
«Қызым саған айтам...» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Бибігүл Хамзақызы библиографиялық шолу жүргізіп, бейнеролик көрсетілді.