2021 жылдың 16 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Шапағат» қайырымдылық клубының мүшелерімен бірге №4 орта мектебінде «Кітаппен бірге өсеміз!» атты танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты: Жасөспірімдердің кітапқа сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Шара барысында кітапхана қызметкері Гүлнұр Ергенқызы балаларға кітап адамның серігі, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі екені, ұрпақтан ұрпаққа рухани байлықты сақтау керектігі жайлы айтып берді. Кішкентай оқырмандарымыз «Шалқан», «Қызыл телпек», «Бауырсақ», «Қасқыр мен жеті лақ» және т.б ертегілерін кітапханашымен бірге қуанып оқып, жұмбақтар шешіп, шара соңы «Соқыр теке», «Сақина жасыру» ойындарымен аяқталды. Сонымен қатар «Кітаппен бірге өсеміз!» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.