2021 жылдың 11 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы адалдық алаңы жобасы аясында «Парасат жолы» орталығында «Бала және оның құқығы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге қатысатындар: Қуанышева Мархабат Саматқызы - №36 қазақ орта мектебінің педагог-психологы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Калдина Гүлжайнар Нәренқызы; оқырмандар, кітапханашылар.
Мақсаты: Жастарға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң туралы мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата Заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.
Дөңгелек үстелде кітапхана қызметкері Шырайлым Оралбайқызы бала құқықтары жайлы конвенциямен таныстырды. Сонымен қатар педагог-психолог Мархабат Саматқызы бала тәрбиесі мен оқушылармен қандай жұмыс жасағанын айтып, қоғамдық нормалар мен әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана-сезімдерін қалыптастыру керек екенін түсіндірді. Оқырмандар сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.
«Бала және оның құқығы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады.