«Өнер-білім бар жұрттар» атты әдеби-мерекелік кеш

E-mail Печать PDF

   2021 жылдың 1 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өнер-білім бар жұрттар» атты әдеби- мерекелік кеш өткізді.
    Мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсариннің шығармаларын балаларға таныстыру, насихаттау. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, бір-біріне деген қамқор пейілдерін артыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

    Мереке күніне өткізген шара кітапхананың ауласында өтті. Шара барысында кітапхана қызметкері Лаура Ерікқызы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалып алынған Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан балаларға мәлімет берді.Балалар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтты. Сонымен қатар аниматорлар балақайларға қызықты ойындар ойнатып, кішкентай бүлдіршіндер өздері білетін қызықты ертегілер мен тақпақтарын айтып кешті жандандырды. Шара соңында барлық балалар ашық аспан астында түрлі түсті борлардың көмегімен асфальтқа өз қиялынан туындаған суреттер салып, флэшмоб биледі. Шараға қатысқан барлық балаларға кітапхана атынан сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.