2021 жылдың 31 мамыры күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында тікелей эфирде «Қасіретті жылдар құрбандары» атты тарихи-патриоттық сағатын өткізді.
Онлайн шараның қонағы жазушы, драматург, сыншы, әдебиеттанушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әлібек Байбол.
Мақсаты: Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, өткен тарихымыздан тағылым алып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу.
Онлайн шара барысында кітапхана қызметкері Жанат Нұрымқызы қасіретті жылдар құрбандары туралы ақпарат беріп өтті. Шараның қонағы Әлібек Байбол жазықсыз жапа шегіп, қуғын – сүргін көрген ел ардақтылары мен зиялылары, ашаршылық пен репрессия құрбандары туралы мәліметтермен бөлісіп, алаш арландары, тарихи тұлғалар жөнінде жазылған кітаптармен таныстырды.
«Қасіретті жылдар құрбандары» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.