28, 29 мамыр күндері кешкі сағат 19.00—21—30 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы "Әдебиет аялдамасы" жобасы аясында кітапхана қызметкерлері "Абай гүлзары" саябағына шығып Абай оқуларын өткізді.
Аталмыш шара балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай өтті. Шара барысында жастар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа оқыды. «Абай мұрасы-адамзаттың баға жетпес қазынасы» атты кітап көрмесі және балаларға арналған кітаптардан буккросинг ұйымдастырылды. Жастар арасында Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығынан викториналық ойындар өткізілді. Шараға қатысушы жастар алғыс хатпен марапатталды. «Әдебиет аялдамасы» жобасы аясында өткізілетін шаралар аптаның жұма, сенбі күндері кешкі уақытта жалғасын табады.