«Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс» атты халықаралық конференция

E-mail Печать PDF

  2021 жылдың 13 мамыры күні сағат 12.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ZOOM платформасында Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы жеңіс» атты халықаралық конференция өткізді.
   Қатысқандар: Мәскеу облысы Волоколам қаласындағы қалалық кітапхананың ақпарат және өлкетану секторының меңгерушісі – Кулакова Галина Николаевна мен кітапхана қызметкерлері; Дубосеково разъезіндегі 28 гвардияшы-панфиловшылар мемориалды музейінің қызметкерлері; Ауған ардагері – Галеев Гумер Абдулвалиевич; Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейінің экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі – Агниязова Әлия Хайруллаевна; 6655 әскери бөлімінің сарбаздары; облыстық, қалалық, аудандық кітапханалардың кітапханашылары.

    Мақсаты: Жастарды патриоттыққа, ерлікке тәрбиелеу, бабаларымыздың қан майданда жеңіске жеткен ерлігін үлгі ету, құрметтеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы жеңістің маңызы туралы мағұлмат беру.
   Іс-шара барысында қатысушылар Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарына байланысты сұрақтар қойып, патриоттық өлеңдер оқыды және кітапхана қызметкерлері дайындаған «Ерлік –елге мұра» атты слайдты тамашалады.
   «Ер мен жердің жеңісі» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Алтынай Мажитовна библиографиялық шолу жасады.