«Бірлік – байлығымыз, тұрақтылық – тұғырымыз» атты этно-мәдени бірлестіктермен кездесу кеші

E-mail Печать PDF

   2021 жылдың 30 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында тікелей эфирде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ресей федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілділігі төрайымы»Таикешева Сәуле Савхозоқызымен «Бірлік – байлығымыз, тұрақтылық - тұғырымыз» атты этно-мәдени бірлестіктермен кездесу кешін өткізді.
    Шараға Ресей федерациясы Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілділігі төрайымы»Тайкешева Сәуле Совхозоқызы, батагөй қария Людмила Байқадамова, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы, кітапханашылар, оқырмандар қатысты.

    Мақсаты: Жастарға халықтар достастығы, бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Елімізде тұрып жатқан әрбір жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
    Іс-шара барысында кітапханашы Гүлнара Мәлік әр ұлттың салт-дәстүрі мен өнерін, мәдениетін таныстырып, екі шекаралас аймақтың мәдениет мекемелерінің арасындағы достық пен ынтымақтастық нығая берсін деді. Орынбор қаласындағы халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілділігі төрайымы» Сәуле Савхозоқызы қазақ тілі қоғамы, ұйымдарында қанша ұлт өкілдері бар, жасалып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Сонымен қатар батағөй қария Людмила Байқадамова қазақ халқының салт-дәстүрлері, соның ішіндегі ең асылы, өмірдің рухани құндылығымыз бата түлерін айтып, бата берді. Оқырмандар сұрақтар қойып, тұщымды жауап ала алды.
    «Қазақстан достықтың мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жүргізілді. Тақырыпқа сай атты слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады.