«Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы» атты жыр кеші

E-mail Печать PDF

    2021 жылдың 15 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ZOOM платформасында ақын, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы» атты жыр кешін өткізді.
   Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Жамбылдың жалынды жырларын дәріптеу, ақындық тұлғасын таныту. Жастарға ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

   Кешке қатысқандар: Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы, кітапханашы – Қарагөз Ихсанқызы; Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі – Жамбылова Салтанат Тезекбайқызы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры –Калдина Гүлжайнар Нәренқызы; №24 лингвистикалық мектеп гимназиясының оқушылары, кітапханашылар.
   Онлайн шара барысында Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы сөз сөйлеп, Жамбылдың өлендері жайлы, ғасырға жуық ғұмырында қазақ халқының бостандығын, шындығын, қадір-қасиетін халыққа жырлап өткен ақын екенін айтып берді. Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейінің меңгерушісі Салтанат Тезекбайқызы ақын өмір сүрген үйінде әдеби-мемориалды мұражай құрылғаны туралы және де Жамбыл Жабаевтың мұражай кешеніне саяхат жасады. Сонымен қатар шарада халық поэзиясының атасы атанған Жамбылдың даңғыл жыраулығы, ұлы айтыскерлік мұрасы, күйшілік, жыршылық өнері, ақын жырларының шеберлігі жайында сөз қозғап, ақынның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты қарастырылып, оқырман қауымға мәлімет берді. Сондай-ақ №24 лингвистикалық мектеп гимназиясының оқушылары ақынның жыр-шумақтарынан өлеңдер оқыды.
Шара соңында Жамбыл Жабаевтың кейінгі ұрпаққа қалдырылған көркем және публицистикалық мұраларынан кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.