2021 жылдың 18 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Наурыз мерекесіне орай «Өнерлінің қолы алтын» атты қолөнер шеберлерімен кездесу кешін өткізді.
Кеш қонақтары: Тоқыма шебері – Култаева Тулебике; Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі, облыстық аналар кеңесінің мүшесі, біз кесте шебері - Бердібекова Лаура Қуантайқызы және оның шәкірті, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы - Қошетеров Азамат Көшкінбайұлы;
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, қолөнершілердің өнерін таныстыру. Заман ағымымен ұмыт қалып бара жатқан бабалар өнерін насихаттау. Сонымен қатар өскелең ұрпақты әсемдікке баулып, эстетикалық ой-өрісін дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кеш барысында кітапханашы Шырайлым Құдасова халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан мұрасы қолөнер туралы, қолдан жасалған бұйымдардың қашанда бағасы артық екенін айтып өтті. Қолөнер шеберлері кесте тігу, құрақ құраудың, тоқыма тоқудың қыр-сырын түсіндірді. Бізбен кесте тігуді әзірлеуді, жіп түстерін таңдай білуді, оны тігуді көрсетті. Қазақтың кесте өнері, ою-өрнек, шеберлік өнердің қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар шарада ізденімпаз жастарға қолөнер туралы әңгімелер мен қызықты деректер айтылып, қолөнер шеберлерімен қызықты ойын ойнады. А.Жұбанов атындағы музыкалық колледждің студенті Шам Ақнұр Бекболатқызы Құрманғазының «Балбырауын» күйін тартты, оқырмандар біраз сұрақтар қойды. Кеш соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы қолөнер шеберлеріне алғысын білдірдірді.
Іс-шара барысында «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қолөнер туралы қордағы кітаптармен кітапханашы Гүлнара Мәлік таныстырып өтті. Шеберлердің жеке өмірі мен жұмыс барысы жайында біраз мәліметтер, арнайы әзірленген бейнебаян, слайд суреттері көпшілік назарына ұсынылды.