«Жыл кітаптары: ұлттық оқу мәдениеті» атты әдеби кеш

E-mail Печать PDF

  2021 жылдың 3 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыл кітаптары: ұлттық оқу мәдениеті» атты әдеби кешін өткізді.
   Кеш қонақтары: Ақын, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі - Нұрлыбек Қалауов; Тарихшы, ұлттық салт-дәстүрді насихаттаушы – Айшуақ Дәрменұлы; Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Қуанышева Гүлімай Әбішқызы; Облыстық жастар ресурстық орталығының маманы - Нұрбақыт Алтынбекқызы; Жас ақын, жеке шаруашылық кәсіпкері – Ақылбек Әбдіжәміл Нұрлыбекұлы және т.б.

  Мақсаты: Акция аясында таңдалған кітаптарды оқырмандарға кеңінен насихаттау. Оқырмандарға кітаптарды таныстыра отырып, әңгімелеу. Жасөспірімдердің ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру және әдеби тілдік қорын дамыту.
Іс-шара барысында әдеби кешті жүргізген Жанат Нұрымқызы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы туралы мәлімет беріп, аталған акция 5 бағытты қамтитыны жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар кешке арнайы шақырылған қонақтар сұрақ-жауап арқылы қатысушылармен пікірлесе отырып, әдебиеттердің бүгінгі таңдағы маңыздылығы мен өзектілігін оқырмандарға түсіндіре білді. Сондай-ақ шарада Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББ мектептің және №36 орта мектебінің оқушылары өлеңдер оқып, әсем ән шырқады.
   Шарада «Ел оқитын 30 кітап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы авторлардың 30 ең үздік жұмыстары, сондай-ақ осы авторлардың әр жылдары жарық көрген кітаптары ұсынылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, бейнеролик тамашалады. Әдеби кешке өлкеміздің ақындары, Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББ мектептің және №36 орта мектебінің кітапханашылары, оқушылары мен оқырмандар қатысты.

Обновлено 30.06.2021 05:47