2021 жылдың 11 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын халыққа жеткізу, түсіндіру, талқылау мақсатында ақпараттық сағатын өткізді. Ақпараттық сағатқа Үкіметтік емес ұйымдар Ассоциациясының мүшелері мен төрағалары қатысты.
Кітапхана қызметкері Назерке Жолдиева Президенттің жариялаған мақаласын «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» атты төрт бөлімнен тұратынын айта өтті. Осы мақалада Мемлекет басшысы егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шраларды айқындап берді.Үкіметтік емес ұйымдар Ассоциациясының мүшелері мен төрағалары мақаланы талқылай отырып, өздерінің ой-пікірлерін білдірді.
Іс-шара барысында бейнебаян көрсетіліп, «Тәуелсіздік биік болсын тұғырың» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.