«Кітапханаға саяхат» атты танымдық сағаты

E-mail Печать PDF

    2021 жылдың 7 қаңтары күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасына Ж.Тәшімов атындағы №68 ЖОББМ мектебінің 2 «В» класс жетекшісі Рыскелді Молдабекова мен оқушылары саяхат жасады.
     Мақсаты: Оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітапқа, кітапханаға деген қызығушылығын ояту, кітапханамен таныстыру.

    Кітапхананы таныстырған кітапханашылар кітаптың шығу тарихын, олар қалай пайда болатындығын айтып, кітапхананың барлық бөлімдерімен таныстырып шықты. Сонымен қатар кітапхананың «Коворкинг» орталығында балалармен қызықты ойындар ойналып, өлеңдер оқылып, жұмбақтар, ертегілер байқауы ұйымдастырылды. Әлия Орынбасар, Тұрлан Сабыржан, Жанерке Асылбек, Аружан Ескендирова, Каусар Амангелдықызы, сияқты дарынды оқушыларымыз өз ойларын еркін түрде жеткізіп, өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті. Балаларға «Қызыл телпек» мультфильмі көрсетілді.
Кітапханамызға саяхат жасаған оқушыларымызға «Ертегілер еліне саяхат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балалардың жас деңгейіне байланысты біздің кітап қорымыздағы қызықты, сиқырлы, 3D форматтағы, музыкалық т.б. көптеген кітаптар мен газет-журналдар таныстырылды. Осы саяхат аясында балалар өздеріне қажетті мәліметтер алып, риза болып үйлеріне қайтты.