«Менің жүрегімдегі кітап» атты республикалық оқырмандар байқауы

E-mail Печать PDF

 

    2020 жылдың 23 қазаны күні сағат 11.00 де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Менің жүрегімдегі кітап» атты республикалық оқырмандар байқауының қорытындысын жариялады. Байқау Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
   Байқаудың мақсаты: Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра отырып, ой-өрісін дамытуға үлес қосу. Қызықты кейіпкерлермен танысу арқылы өзінің тұлғалық бейнесін қалыптастыру. Жас ұрпақты сөйлеуге, мазмұндай білуге, қатысушылардың шығармашылығын дамытуға баулу.

     Әділ қазы мүшелері: - Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы - Сүлейменов Алмас Бақытқалиұлы; Ақын, қазақстан журналистер Одағының мүшесі, мәдениет қайраткері - Қалауов Нұрлыбек Амандәулетұлы; Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әртісі - Өлмесекова Айнагүл Өзбекқызы; «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кітапханашысы - Ермекова Нұргүл Нұрдаулетқызы; Ақын, кәсіпкер - Жұмағалиев Есенбек; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры - Калдина Гүлжайнар Нәренқызы.
     Шараны Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Сүлейменов Алмас Бақытқалиұлы ашты. Шара барысында «Менің жүрегімдегі кітап» атты республикалық сайыстың қорытындысы жарияланып, байқаудың қазылар алқасының мүшесі ақын Нұрлыбек Амандәулетұлы мен Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Алмас Бақытқалиұлы жеңімпаздарды марапаттап, Диплом, Алғыс хат пен сертификаттарды табыстады.
    Байқаудың шарттары: 1. «Мен ұнатқан кітап». Қатысушылар өздерінің таңдаған кітаптарын қызықты етіп таныстырады. 2. «Мен ұнатқан кейіпкер». Мұнда қатысушылар өзі таңдаған кез келген көркем шығарманың бір кейіпкерінің образына ену арқылы кейіпкер бейнесін ашу.
Байқауға барлығы 55- үміткердің жұмыстары қабылданып, Солардың ішінде жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлдені – Шекернаев Мейрамбек Алтынбекұлы ұялы телефон «Apple Iphone 7», 1-орын – Жақсылықов Бауыржан «Samsung galaxy A7"1», 2-орын - Балтабай Алихан Айбекұлы «Теледидар», 3-орын – Джанғылышева Жеміс Төлеуішқызы және Есболатұлы Бейбарыс «Робот –Шаңсорғыш» сыйлықтары, ақын Сағи Жиенбаев атындағы арнайы жүлделері – Серік Аңсар. Асылхан Дәрібай «Ас үй техникасы», «Микротолқынды пеш» және «Ас үй техникасы», ал Жақсылықова Іңкәр, Сәлімжан Әлімжан, Жарылғас Гаухар, Құлмұрзина Меруерт ынталандыру сыйлығын «Samsung galaxy buds» құлақ қап сертификаттарын жеңіп алды. Сонымен қатар жеңімпаздарға Дипломдар табысталды. Кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы келген қонақтарға, байқауға қатысқан қатысушыларға алғысын айтып, ақ тілегін жолдады.