«Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты сұхбат

E-mail Печать PDF

 

  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында тікелей эфирде кенес беру және оңалту бөлімінің басшысы, теолог Разақов Нұрмұхаммед Шәмшіұлымен «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты сұхбат өткізді.
  Мақсаты: Дін өкілімен діни тақырыпта ауқымды, жан-жақты әнгіме өрбіте отырып, жастарымыздың дін туралы сауаттылығын нығайтып, оқырмандарға тура жолды насихаттау.

     Шара барысында кітапханашы Жанат Нұрымқызы ислам дінінің тарихы туралы ақпарат берді. Кенес беру және оңалту бөлімінің басшысы, теолог Нұрмұхаммед Шәмшіұлы ислам дінінің негізгі бағыттары мен құндылықтары жайлы, «Құран» кітабы туралы, кері тартпа ағымдардың алдын алу, имандылық жөнінде әңгімеледі. Оқырмандар Нұрмұхаммед Шәмшіұлына «Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай ажыратамыз?», «Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың себеп-салдары қандай?», «Діни экстремизмнің алдын алу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?» т.б. көптеген сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алды.
     Шарада «Дін – тәрбие діңгегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесін кітапханашы Бибігүл Шамеденова таныстырды. Шараға кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.

Обновлено 25.11.2020 06:28