«Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

     

     2020 жылдың 10 қыркүйегі күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы @aqtobe_madeniet инстаграм парақшасында отбасы күніне орай Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының актерлері, үлгілі отбасы Нұрсұлтан мен Сабина Айтқалиевтермен «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу кешін өткізді.
    Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата-анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу. Жанұялық құндылықтарды нығайту.

    Шара барысында кеш қонағы Нұрсұлтан Айтқалиев отбасы құндылығы, бала тәрбиесі жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар отбасымен бірге кітапханаға барып қандай кітаптар оқитынын айтып, домбырамен ана туралы ән орындады. Оқырмандар онлайн шарада «Қазіргі заман талабына сай баланың тәрбиеленуі?», «Ерлі-зайыптылардың ажырасуынан балаға тигізетін зардаптары қандай?», «Бақытты жанұя болуы үшін не істеуі қажет?» деген сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ ситуациялық сұрақтар қойылып, ойын ойналды.
   «Отбасы – бақыт мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге кітапханашы Лаура Сұлтанбекова библиографиялық шолу жасады. Шараға кітапхана қызметкерлері, «Рика» және «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тілшілері қатысты.

Обновлено 25.11.2020 05:48