«Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты балалар мерекесі

E-mail Печать PDF

     2020 жылдың 1 маусымы күні сағат 14.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты мерекелік шара өткізді.
    Мақсаты: Балақайларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, бір-біріне деген қамқор пейілдерін артыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

     Мереке күніне өткізген шара кітапхананың ауласында онлайн түрде өтті. Кітапхана қызметкерлері Шырайлым Құдасова мен Алтынай Мукашева балаларға жұмбақтар жасырып, қызықты ойын ойнатты. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер өздері білетін қызықты ертегілер мен тақпақтарын айтып кешті жандандырды. Ал кейбір балалар ән айтып, би биледі. Шара соңында барлық балалар ашық аспан астында түрлі түсті борлардың көмегімен асфальтқа өз қиялынан туындаған суреттер салды. Шараға қатысқан барлық балаларға кітапхана атынан сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Обновлено 15.06.2020 04:57