«Ұрпақтарға ұран болған - Ұлы Жеңіс!» атты патриоттық кеш

E-mail Печать PDF

    2020 жылдың 5 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Ұрпақтарға ұран болған - Ұлы Жеңіс!» атты патриоттық кешін өткізді.
     Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін үлгі-өнеге тұту. Өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

    Шараға «Nur Otan» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының өкілдері, Ауған соғысының ардагері, «Ер-Бақыт» спорттық-патриоттық клубының төрағасы Қойлыбаев Марат Айтуғанұлы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «Бүркіт» патриоттық клубының жетекшісі Мукашева Алтынай Мажитқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалының профессорлық-оқытушылар құрамы, облыстың «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні мұғалімдері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студент жастары қатысты.
    Іс-шарада модератор Ұлы Жеңістің қасиеті, майдан даласының қиындығы, соғыс қарулары, Ұлы Отан соғысының батырлары, сондай-ақ жерлес батырлар туралы айтты. Марат Айтуғанұлы Ауған соғысы жөнінде ,онда болған оқиғаларымен бөлісті. Сондай-ақ Алтынай Мажитқызы «Роль патиротического клуба в воспитание молодежи» тақырыбында баяндама жасаса, ал Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері патриоттық өлеңдер оқып, әндер айтты. Сонымен қатар «Казахстан – наш общий дом» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.