2020 жылдың 4 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Үш таған» рухани-танымдық журналының бас редакторы, ҚР журналистер одағының мүшесі, журналист Жаншаева Бақыт Құрманқызымен «Анаңмен сырлас, алтыным!» атты кездесу кешін өткізді.
Шараға Бақыт Жаншаева - «Үш таған» журналының бас редакторы, журналист, Үкіметтік емес ұйымдар Ассоциациясының президенті – Дюсенова Айгүл Егізбайқызы; Құдасова Үржан Құрманқызы - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары, Ақтөбе гуманитарлы колледжінің студенттері, оқырмандар, кітапханашылар қатысты.
Мақсаты: Аналар мен аруларды мерекемен құттықтау. Ұлттық және әлемдік білім нәрімен сусындаған жоғары деңгейдегі мәдениетті және адамгершілігі мол, жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүре алатын, өзінен кейінгі ұрпақ алдындағы жауапкершілік ұғымын түсінетін қыз бала тұлғасын қалыптастыру.
Кеш барысында Бақыт Құрманқызы өзінің өмірі туралы сыр шертіп, қыз баланың келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, бойжеткендерге әдепті, ибалы, инабатты, мейірімді болуға ақыл-кеңесін берді. Сонымен қатар кеште қызықты ойын ойнап, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы сұрақтар қойылды. Кеште Гүлнұр Ергенқызы «Бақытты әйел» әнін тамылжыта орындады. Шара соңында сөз алған кітапхана директорының орынбасары Үржан Құрманқызы барлық кітапхана ұжымын және қыз-келіншектерді алда келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, Бақыт Құрманқызына алғысын білдіріп, естелікке сыйлық берді.
Шарада «Әйел – әлем, әйел – өмір, әйел - жыр» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.