2019 жылдың 11 қазаны күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен «Ақтөбе-дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен бірлесе 6-11 кластар арасында республикалық «Ясауитану» білім байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттау, оның мұрасын терең меңгеріп, зерттеуге ынталандыру. Жасөспірімдердің кітапханамен байланысын арттыру, рухани құндылықтарға тәрбиелеу.
Байқауға қатысушылардың барлығы Қожа Ахмет Ясауидың хикметтерін жатқа оқыды. Республикалық «Ясауитану» білім байқауының жеңімпаздары арнайы диплом, мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаз атанған Ойыл ауданы Құрман орта мектебінің оқушысы Данагүл Сәндібекова, Алға мектеп-гимназиясының оқушысы Сулейман Уразбаев, Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Нағима Елеуханова Республикалық байқауға қатысады.
Шарада «Ясауи – түркілерге ортақ тұлға» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.