«Мейірімге толы әлем» атты мейірімділік сағаты

E-mail Печать PDF

    2019 жылдың 3 қазаны күні 15.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Шапағат» қайырымдылық клубының мүшелерімен бірге «Облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты колледжінде» «Мейірімге толы әлем» атты мейірімділік сағатын өткізді.

      Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
Іс-шараны жүргізуші Гүлнұр Бекенова адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелеп, олардың бір-біріне деген мейірім шапағаты -әдептілік белгісі екенін түсіндірді. Сонымен қатар балалар «Болады, болмайды» ойынын ойнап, «Мейірімділік нұры», «Жүректен жүрекке» тапсырмасын орындап, « Мейірімділік» кестесін толтырды.
    Іс-шара барысында «Мейірімділік жүректі жылытар» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге кітапханашы Шырайлым Құдасова библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Итті құтқарған дельфин» бейнебаянын тамашалады.