«Менің сағынышымның кейіпкері» атты кездесу кеші

E-mail Печать PDF

     2019 жылдың 27 қыркүйегі күні сағат 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жастар жылына» орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті филология факультетінің түлегі, жас ақын Нұрбол Ибраевпен «Менің сағынышымның кейіпкері» атты кездесу кеші өтті.

      Мақсаты: Ел арасындағы таланттарды танып, Нұрбол Ибраевтың шығармашылығын таныту, қазақтың мәдениетін, өнерін, әдебиетін насихаттау.
Нұрбол Ибраев - қазіргі хит әндердің, солардың ішінде Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы "Махаббат деген...", Олжас Абайдың "Камария", тағы да басқа әндердің сөзін жазып жүрген өңіріміздегі талантты жас ақын. Ол 1991 жылы 17 сәуірде Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
    Шара барысында жастарға ақын Нұрбол Ибраев өзінің өмір жолын айта отырып, жазған өлеңдерін оқып берді. Шараға келген жастар ақынға көкейкесті сұрақтарын қойып, өзара пікір алмастырды. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология факультетенің студенттері ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Көптеген қызықты әңгімелер естіді. Сондай-ақ сөзін ақын Нұрбол Ибраев жазған әндер тыңдалды. Жас ақын Нұрбол Ибраев «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жүсіповтің атынан Алғыс хатпен марапатталып, сыйлық табыс етілді. Кеш соңында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Гүлжайнар Нәренқызы ақын Нұрбол Ибраевқа жылы лебізін айтып, естелікке сыйлық берді.
    Шарада «Арайлы Ақтөбенің мақтаныштары» кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Ләззат Бултекова библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға жас ақындар, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері оқытушылар мен оқырман қауым қатысты.